«Бастауыш–білім негізі»
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде 09.11.2022–07.12.2022 күндері аралығында өткізілетін «Бастауыш–білім негізі» тақырыбындағы бастауыш сыныптар бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 16.11.2022 күні бастауыш сынып мұғалімі Кенжебаева Балзира Кошимовна 3 "Ә" сыныбына қазақ тілі пәнінен "Түбірлес сөздер" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату.