"Тізбек бөлігі үшін Ом заңы"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде 16.01- 30.01.2023ж күндері аралығында өткізілетін "Ғасырдың үш тірегі" атты математика, информатика, физика пәндерінің айлық жоспарына сәйкес 26.01.2023ж күні физика пәнінің мұғалімі А.Джумаханова 8 "А" сыныбына физика пәнінен "Тізбек бөлігі үшін Ом заңы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Ом заңын, Ток күшінің, кебергінің формуласын есеп шығаруға қолданады.