18
февраль
2025
"Жақсы қасиет-жан азығы"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде 8-9 сынып оқушыларына арналған қысқы он күндік оқу сессияның жоспарына сәйкес
"Жақсы қасиет-жан азығы" тақырыбында мектеп психологтары: Аймахова А. Тлекеева Г. ұйымдастыруымен тренинг өткізілді.
"Жақсы қасиет- жан азығы"
Қасиет – адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым. Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз болып жіктеледі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адами қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу.