04
февраль
2020
(р\о) «Ұрпақ тәрбиесі – қай кездеде маңызды мәселе» тақырыбында ата–аналар жиналысы өткізілді.
2020 жылдың 04 ақпананда Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде (р\о) «Ұрпақ тәрбиесі – қай кездеде маңызды мәселе» тақырыбында ата–аналар жиналысы өткізілді. Байзақ ауданы білім бөлімінің әдіскер маманы Сәбитбекова Р.С. бала қауіпсіздігін барынша ата–ана тарапынан сонымен қатар мұғалімдер тарапынан қадағалап, келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу қазіргі танда негізгі мәселе екенін атап өтті. Н. Ақшабаев орта мектебінің педагог-психологы Абиева Райхан «Бала қауіпсіздігі баршаға ортақ» тақырыбында баяндамаға шолу жасап ата – анаға сұрақтар қойылып, пікір алмасып ата-ананың балаға қатысты сұрақтарына жауап берілді. «Менің кінәм не?» тақырыбында бейне ролик көрсетіліп ата-ананың мамандармен пікір алмасуы жалғасын тапты.
Ұрпағымыздың тәрбиесін, болашағын жан-жақты талқылап ата-аналардың, мектеп мұғалімдерінің ой- пікірлері тыңдалынды. Түймекент орта мектебінің педагог-психологы Сейсебаева А. «Интернет қауіпсіздігі» тақырыбында баяндамаға шолу жасап бейне баян көрсетіліп, интернет желісі қазіргі таңда жасөспірімдер арасында белең алып, интернетке тәуелділіктерін айтып ата–анамен осы тақырыпта пікір алмасты.