"Ата-ана,ұстаз,оқушы-үштік бірлік"
2022 жыл елімізде "Балалар жылы" деп жариялануына орай Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде "Ата-ана,ұстаз,оқушы-үштік бірлік" тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазіргі кезде баланың дамуына,жеке тұлға болып қалыптасуына, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,қарым-қатынас орнату,ата-ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу,ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге көмектесу.