Іс-шаралар » Страница 5 » Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:
Түймекент ауылы, Д.Қонаев №118
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 7-91-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Гаджет және бала»
30
январь
2025
«Гаджет және бала»
Ғазиз  Байтасов  атындағы тірек мектебі (р/о),  Булингтен қорған! «Гаджет және бала» , «Ғаламтор мен әлеметтік желілер: зияны мен пайдасы" тақырыбында сынып  сағаттары өткізілді.  Мақсаты:  бүкіл әлемдік ғаламторға байланысты оқушыларда толық ой қалыптастыру, пайдасы мен зиянын түсіндіру.
“Үш тілде саяхат"
29
январь
2025
“Үш тілде саяхат"
Ғазиз Байтасов  атындағы тірек мектебінің әдістемелік жоспары бойынша 22.01.2025ж - 17.02.2025ж күндері аралығында “Үш тілде саяхат" атты қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндер бірлестігі айлық жоспарына сәйкес 27.01.2025ж күні  7 "А" сыныбымен  «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны. Себеп-салдарлы жалғаулықты шылаулар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.  Пән мұғалімі: Ораз Бақберген
"Достық қымбат өмірде"
29
январь
2025
"Достық қымбат өмірде"
2024 жылдың 28 қаңтар күні Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің  8-9 сынып "Жас Ұлан" ұйымының оқушыларымен "Достық қымбат өмірде" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мектептегі оқушыларға   "Достық" құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту арқылы өзара сыйластық қарым-қатнас, ұл мен қыздың арасындағы сыйластық және бір-біріне қамқор болуға, көмек көрсетуге тәрбиелеу міндеттері талқыланды. Оқушылар топқа бөлініп өз бетімен ізденіске түсіп, өзіне-де, өзгеге-де сын тұрғысынан көзқарастарын
"Менің Қазақстаным"
27
январь
2025
"Менің Қазақстаным"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебі ( р/о) "Менің Қазақстаным" - оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалуда. Мақсаты: Білім алушыларды патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету.
"Мамандықтар марафоны"
24
январь
2025
"Мамандықтар марафоны"
Ғазиз  Байтасов  атындағы тірек  мектебі (р/о) директордың бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары: Г.А.Сметованың ұйымдастыруымен  8-9 сынып білім алушыларымен "Мамандықтар марафоны" атты  дөңгелек  үстел  өткізілді. Негізгі мақсаты: білім  алушылар  мамандықтар әлемінің  алуандығы  туралы  ой  өрісі  кеңейту. Білім алушылар  таңдап  отырған  мамандықтары  жайлы ой өрісін жан- жақты бөлісіп , сұранысқа ие мамандар жайлы бір-біріне мәліметтер берді.  
"Закладчики. Расплата"
23
январь
2025
"Закладчики. Расплата"
Байзақ ауданы әкімдігі, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, есірткі профилактикасы бойынша әзірленген "Закладчики. Расплата" тақырыбындағы көркем әлеуметтік бейнеролигі  9,10,11 сынып оқушыларына көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
"Шашбаулым"
21
январь
2025
"Шашбаулым"
Ғазиз  Байтасов атындағы  тірек  мектебі  (р/о) "Шашбаулым" қыздар клубымен ДТІЖО, әлеуметтік педагогтардың ұйымдастыруымен  жиналыс өткізілді. Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік  жолға түспеуге тәрбиелеу.
"Менің Қазақстаным"
20
январь
2025
"Менің Қазақстаным"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебі ( р/о) "Менің Қазақстаным" - оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалуда. Мақсаты: Білім алушыларды патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету. #Біртұтастәрбие #Әнұранорындау #Біртұтас_тәрбие_жамбыл #ҚазақстанРеспуликасыныңМемлекеттікГимні
"Заң және тәртіп"
20
январь
2025
"Заң және тәртіп"
Қазіргі таңда белең алған жемқорлық індетінің қаншалықты қоғамның өркендеуіне теріс әсерін түсіндіру мақсатында, ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде "Заң және тәртіп" айлығының жоспарына сәйкес " Жемқорлықтың тарихи тамыры" тақырыбында 9 А сынып жетекшісі Джумаханова Әсия ханым тарапынан адалдық сағаты өткізілді.  
«Денсаулық»
19
январь
2025
«Денсаулық»
Дененің жылдамдық, ептілік, иілгіштік, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту мақсатында, Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебіндегі, тәлімгер А.Байтикованың жұмыс жоспарына сәйкес,2025 жылдың 17 қаңтар күні  5-6 сынып «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары арасында «Денсаулық» эстафеталық ойыны өткізілді. Ойын ережесі төрт кезеңнен құралды. Ойынға қатысқан оқушылар  әділ қазылардың бағалауымен, жас ерекшеліктер бойынша 1,2,3 орындармен марапатталды. #Біртұтастәрбие