06
май
2022
«Республикалық референдум туралы»
Қасым-Жомарт Тоқаев «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды
Кеше Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға түзетулерді қабылдады. Оған сәйкес, Заңның 3-бабының 2-тармақшасы жаңа редакцияда ұсынылды, яғни осы тармақшаның қолданыстағы редакциядағы «тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту» деген сөздерді Парламент Сенаты алып тастауды ұсынды. Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасына Парламент Сенаты енгізген толықтырумен келісті.
Конституциялық реформалар саяси жүйені түп-тамырымен өзгерту арқылы ел халқының сана-сезімін жаңғырту, жаңаша өмір сүру, қоғам мен мемлекеттің жаңаша қарым-қатынасын орнату сынды мақсаттарды көздейді. Бұл халықтың көп жылдардан бергі талап-тілегінен туындап отырғанын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізілетін түзетулер мен өзгерістерге қатысты жасаған бейнеүндеуінде.
Қазақстанда 5 маусым күні конституциялық реформалар бойынша республикалық референдум өтеді, бұл – әр азаматтың осы реформалардың елімізде жүзеге асуына үн қосуы үшін берілетін үлкен мүмкіндік.
