«Балалар жылы»
Биылғы 2022 Барыс жылын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі», –деп үлкен сенім артты. Биылғы балалар жылымен қатар келген 1-қыркүйек - Білім күні мерекесіне орай, Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық » тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.