Әкімшілік » Страница 4 » Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мекен жайы:
Түймекент ауылы, Д.Қонаев №118
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 7-91-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-ана, ұстаз, оқушы. Үштік одақ
09
декабрь
2022
Ата-ана, ұстаз, оқушы. Үштік одақ
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде "Ана-ана, ұстаз, оқушы-үштік бірлік" тақырыбында сайыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудаға ата-аналармен бірлесе жұмыс істеу,сынып пен мұғалім, мұғалім мен бала, педагог пен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты нығайту, жетістікке жету үшін бірлескен әрекеттің ортақ мақсаттарын анықтау,отбасы ерекшеліктерін ескере отырып қиындықтарды бірлесе шешу.
Өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді.
17
ноябрь
2022
Өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді.
2022 жылдың 15 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің Түймекент ауылы Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде Байзақ аудандық білім бөлімінің 04.11.2022 ж №16-9-2169 хатына сәйкес білім бөлімінің әдіскері Н.Сағатилланың қатысуымен,Байзақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің және АӘТД пәнінің мұғалімі Ш.Бесбаевтың  ұйымдастыруымен   өрт- тактикалық тапсырмаларды шешу бойынша бекітілген кестеге сәйкес,өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді.Жаттығуға
"Ұлттық теңге мәртебесі" "Теңге және парық"
15
ноябрь
2022
"Ұлттық теңге мәртебесі" "Теңге және парық"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің  кітапханашысы Жуманалиева Жанардың  ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы –теңге 1993 жылдың 15 қарашасында дүниеге келуіне байланысты "Ұлттық теңге мәртебесі" "Теңге және парық" тақырыбында презентация жасалынды.
"Жаяу жүруші- назар аудар"
14
ноябрь
2022
"Жаяу жүруші- назар аудар"
Облыстық білім басқармасының 7 қараша күнгі #03-4001 хатына сәйкес, оқушылар арасында жолда жүру ережелері талаптарын сақтау мақсатында Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің 1-4 сынып оқушыларына  "Жаяу жүруші- назар аудар" тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, 5-7 сынып оқушылары "Балалар назар аударыңдар" тақырыбында қабырға газеттерін ұйымдастырды. #Балалар жылы
"Ерлік-елдің қасиеті,жүректілік-жігіттің қасиеті"
11
ноябрь
2022
"Ерлік-елдің қасиеті,жүректілік-жігіттің қасиеті"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде  Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың ерлік жасаған күніне 11 жыл толуына орай. "Ерлік-елдің қасиеті,жүректілік-жігіттің қасиеті" тақырыбындағы бірыңғай  сынып сағаттарының шеруі.
"Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігі"
10
ноябрь
2022
"Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігі"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовтың ерлік жасаған күніне 11 жыл толуына орай, тарих пәнінің мұғалімі Дулатбаева Ләйләнің ұйымдастыруымен "Ғазиз Байтасовтың өмірі мен ерлігі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
«Ғазиз Байтасов –ел есінде»
10
ноябрь
2022
«Ғазиз Байтасов –ел есінде»
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің кітапханасында халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу күніне орай  «Ғазиз Байтасов –ел есінде» атты тақырыпта түсіндірме сағаты болып, сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп»
09
ноябрь
2022
«Оқуға құштар мектеп»
«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында  Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің кітапханасында «20- минут кітап оқып, 3-минут эссе жаз» тақырыбында дауыстап кітап оқу сәті  4-5 сынып оқушылары аралығында ұйымдастырылды.
ғылыми жобалар
08
ноябрь
2022
ғылыми жобалар
Байзақ ауданында өткен жалпы білім беретін  пәндер бойынша өткізілген ғылыми жобалар конкурсында, Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің (р.о)  9 сынып оқушылары Кеңесбек Дильназ  IIІ дәрежелі дипломмен, Бошай Толғанай  ІІІ дәрежелі дипломмен, Аязбаева Шапағат ІІ дәрежелі дипломмен, Жайгабулова Шолпан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
«Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты»
06
ноябрь
2022
«Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты»
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің кітапханасында «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты» тақырыбында оқушылардың күзгі демалыс кезінде қашықтықтан отбасымен кітап оқу марафоны ұйымдастырылды.