"Ұшқыр ой алаңы"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде "Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында, жоспарға сәйкес , тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Тіл білгірі" зияткерлік ойын өткізілді. Полиглот, көркем оқу, кім тапқыр? Білесің бе? деген кезеңдерден тұратын 8-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Топ аттары: "Жас Қыран", "Топжарған", "Болашақ", " Сұңқар" топтары марапатталды.