Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу әдістемелік орталығының #01-081101 хатына сәйкес "Құқықтық кеңес" беру айлығы аясында ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде "Зорлық- зомбылық және буллингтің алдын алу" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді.
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде, 8-9 сынып білім алушыларымен, қысқы оқу сессиясының 10 күндік тәрбие іс-шара жоспарына сәйкес, магниттік мектеп білім алушылары өз сыныптарымен таныстырылым жасады.
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде ағымдағы жылдың 12 ақпан күні "Қысқы он күндік" оқу сессиясы аясында 8-9 сынып оқушыларының арасында "Құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу" тақырыбында мектеп инспекторы Самбетов Ерлан тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.