«Үздік сынып жетекші –2021»
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде жаңашыл, білікті сынып жетекшіні анықтау мақсатында ұйымдастырылған мектепішілік «Үздік сынып жетекші –2021» байқауы өз дәрежесінде өтті. Байқауға қатысушылар өз іс–тәжірибелерін көрсете білді. Әділ–қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені 1–сынып жетекшісі М.Беккараева, І орынды 2–сынып жетекшісі Н.Умарова, ІІ орынды 3 сынып жетекшісі А.Жеткерген мен 5–сынып жетекшісі А.Әбдікәрім, 7 –сынып жетекшісі Толымбек Қарлығаш ІІІ орынмен марапатталды.