"Ұлттық ойын-ұлы мұрам"
2023 жылдың 22 ақпан күні Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінің спорт залында мектепішілік жоспарға сәйкес, салауат бағыты бойынша, тәлімгер А. Байтикованың ұйымдастыруымен "Ұлттық ойын-ұлы мұрам" атты тақырыбында 6-7 сынып "Жас Ұлан" ұйымы мүшесіндегі оқушыларымен асық ату жарысы өткізілді. Жарысқа қатысқан сыныптар дипломмен және алғыс хаттармен марапатталды.