04
март
2025
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
Ғазиз Байтасов атындағы тірек мектебінде 10-11 сынып оқушыларына арналған қысқы он күндік оқу сессияның жоспарына сәйкес мектеп инспекторы Е.Самбетов және ДҚТІЖО
Н. Худайбергенов тарапынан "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында дискуссия алаңы ұйымдастырылады. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, бойларындағы адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.